20:14, 19 Шілде 2015 | GMT +5
Тимбуктудағы содырлар қиратқан тарихи ғимарттар қалпына келтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО-ның қатысуымен Тимбуктудағы әлемдегі танымал 14 мавзолей қалпына келтірілді, деп хабарлайды Би-би-си.
Тарихи ғимараттар осыдан үш жыл бұрын Малидің солтүстігін дін атын жамылған содырлар басып алған кезде қиратылған болатын.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ЮНЕСКО басшысы Ирина Бокова ғимараттарды қиратқандарды Халықаралық сот жауапкершілікке тартатынына үмітті екенін жеткізді. Тимбукту мэрі қала тарихындағы осы бір ақтаңдақ беттер қалпына келтірілгеніне қуанышты екенін айтты. XV-XVI ғасырларға тиесілі мавзолейлерде мұсылман ойшылдары жерленген.