Time басылымы «Жыл адамы» атағына жүргізген сауалнамада Джулиан Ассанж көш бастап отыр
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Time басылымы «Жыл адамы» атағына жүргізген дәстүрлі сауалнамада Джулиан Ассанж көш бастап отыр. Екінші орында - түрік премьер-министрі Ердоған, ал үшінші орында - әнші Леди Гага келеді.
Алғашқы ондықты Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, бүгінге әлемдегі ең жас миллиардер атанып отырған 25 жастағы Марк Цукерберг түйіндеп отыр, деп жазады Time.com басылымы.
«Жыл адамы» атағы ағымдағы жылы әлемдік оқиғаларға өз үлесін ең көп қосқан тұлға атанады. Әр жылдары бұл атаққа Барак Обама мен Владимир Путин ие болған.
Джулиан Ассанж АҚШ өкіметінің құпия құжаттарын жария етіп, дүниені дүр сілкіндірген WikiLeaks сайтының басшысы.