Time нұсқасы бойынша «Жыл әйелі» тізіміне енгендер белгілі болды
АСТАНА, KAZINFORM – 2024 жылғы көрнекті әйелдер тізімінде әлемнің түкпір-түкпірінде әртүрлі мамандықта еңбек етіп жүрген 12 тұлға бар. Бұл туралы Time басылымы жазды.
Time нұсқасы бойынша 2024 жылғы «Жыл әйелі» тізіміне енгендер:
Грета Гервиг, актриса, сценарист, режиссер және продюсер
Кори Гауфф, теннисші
Тараджи П. Хенсон, актриса және жазушы
Лина Наир, Chanel бас директоры
Клаудия Голдин, экономист, экономика тарихшысы
Яэль Адми, израильдік белсенді
Риим Хаджаджрех, палестиналық белсенді
Надия Мурад, Ирак құқық қорғаушысы
Ада Лимон, ақын
Андра Дэй, әнші және актриса
Джаки Паттерсон, The Chisholm Legacy директоры
Марлена Фейзо, ғалым, дәрігер
Желтоқсан айындағы сұхбатында актриса Тараджи П.Хенсон Голливудтағы жалақы теңсіздігін сынағаны үшін қоғам назарына ілікті. Бұл салада 20 жылдан астам жұмыс істесе де, ол әріптестеріне төлейтін жалақының аз ғана бөлігі көлемінде сыйақы алатынын айтты.
Экономист Клаудия Голдинға 2023 жылы Нобель сыйлығы әйелдердің еңбек нарығындағы жағдайын түсінуге көмектескені үшін берілді. Оның осы саладағы зерттеуі гендерлік жалақы айырмашылығын түсінуге көмектесті.
Белсенді Надия Мурад – Нобель сыйлығының лауреаты. Ол 2018 жылы соғыс қаруы ретінде жыныстық зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жұмысы үшін марапатталды.
Риим Хаджаджре мен Яэль Адми – қақтығыстың зорлық-зомбылықсыз шешуге болатынын насихаттауда ынтымақтасатын палестиналық және израильдік әйелдер топтарының басты көшбасшылары.
Теннисші Кори Гауфф 15 жасында Уимблдонның ширек финалына шықты. Ол 2023 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жеткен кезде жаңа белесті бағындырды. Сонымен қатар теннисші әлемдегі ең көп жалақы алатын спортшы әйел атанды.
«Барби» фильмінің режиссері Грета Гервиг соңғы 1 жылда гендерлік стереотиптерді бұзды. Оның аталған фильмі 1,4 миллиард доллардан астам табыс жинады. Ол осылайша миллиард доллардан астам табыс әкелген алғашқы әйел режиссерге айналды.