Time журналы жыл әйелдерін атады

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы тізімге әрқайсысы «әлемді өзінше жақсырақ және әділірек етуге ұмтылған» 13 әйел кірді, деп хабарлайды Time

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: Kazinform

— Әр қыс сайын біз жыл әйелдері туралы ой қозғау үшін отырғанда, өзімізге бір сұрақ қоямыз: бүгінгі күні әлемдегі әйелдер мен қыздардың алдында тұрған ең маңызды мәселелер қандай? Гендерлік зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарына шабуылдан бастап климаттың өзгеруінен туындайтын қауіп-қатерге дейін көптеген қиындықтар бар. Бірақ бұл қауіптер бар жерде өзгерістер үшін күресетін көшбасшылар да бар, — деп жазды Time.

ТIME нұсқасы бойынша жыл әйелдері: 

· Николь Кидман, актриса, продюсер 

· Эйджа Уилсон, баскетболшы 

· Джордан Чайлз, гимнаст

· Laufey, әнші 

· Ракель Уиллис, белсенді, жазушы 

· Жизель Пелико 

· Анна Саваи, актриса 

· Пурнима Деви Барман, биолог 

· Аманда Зуравски, белсенді 

· Фату Бальде, белсенді 

· Клэр Бабино-Фонтенот, Feeding America бас директоры 

· Лаура Моди, Bobbie негізін қалаушы және бас директоры

· Оливия Манн, актриса

Журнал биылғы екі хикая жеке қасіретпен бетпе-бет келіп, ерекше әрекет жасаған қарапайым әйелдерге арналғанын жазды. Күзде 72 жастағы Жизель Пелико өзін зорлау бойынша сот отырысына қатысты. Құпиялылық бойынша заңды құқығынан бас тарту туралы шешімі оны бүкіл әлемде қаһарманға айналдырды. Ол Францияда және одан тыс жерлерде өзгерістерге шақырды.

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: Christophe Simon AFP - Getty Images

Пелико сияқты Аманда Зуравски де ешқашан белсенді боламын деп ойламаған. Ол балалы болуды асыға күткен, бірақ асқынуларға байланысты түсік жасату керек болды.

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: ua.depositphotos.com

Алайда, Техастың түсік жасатуға толықтай дерлік тыйым салуына байланысты Зуравски оның жағдайы ауыр болғанша медициналық көмек ала алмады, салдарынан оның репродуктивті денсаулығына орны толмас зақым келді. Ол 2023 жылы штатты сотқа берді, бірақ Техастың Жоғарғы соты өткен мамырда тыйымды күшінде қалдырды. Енді бұл әйел АҚШ-тағы репродуктивті құқықтар қозғалысының көрнекті тұлғасына айналды.

— Биыл біз проблеманы көріп, оны шешудің бір бөлігі болуға шешім қабылдаған әйелдерді марапаттаймыз, — деп жазды Time.

Актриса Оливия Маннға сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылған кезде, ол әлеуметтік желілерде бұл туралы ашық айтып, басқа әйелдерді өзіндегі таза маммографияға қарамастан, оны қосымша тексеруден өтуге итермелеген скрининг құралын қолдануға шақырды.

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: Rodin Eckenroth / Getty Images

Гамбиялық белсенді Фату Бальде үкіметтің әйел жыныс мүшелерін кесуге тыйым салуды алып тастауды жоспарлап отырғанын білгенде, бұған жол берілмеуі үшін күш-жігерін екі еселендірді. 

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: fatou_baldeh_womeninliberation.org

2017 жылы Николь Кидман Голливудтағы күш тепе-теңдігін өзгерту қажеттігін мойындап, әр 18 ай сайын кем дегенде бір режиссер әйелмен жұмыс істеуге уәде берді. Журнал жазғандай, осы сегіз жыл ішінде ол 19 фильм мен телехикаяға түсіп немесе продюсерлік етті.

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: Gilbert Flores/Getty Images

Time басылымы өткен жылы әйелдер спортта да ерекшеленгенін жазды. Гимнаст әйел Джордан Чайлз пен WNBA жұлдызы Эйжа Уилсон Париж Олимпиадасы қарсаңында дос болды. Олар әйелдер спортына қызығушылықтың бұрынға қарағанда қатты көбейгенін және 2024 жылы қаржылық қолдауды арттыруды талқылау үшін қайта кездесті.

Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: Naomi Baker_Getty Images
Time журналы жыл әйелдерін атады
Фото: Ethan Miller-getty-images

Бұған дейін Тime журналы Дональд Трампты жыл адамы атағына лайық көргенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар