Тимофей Скатов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

тимофей скатов
Фото: skatov_timofey/Instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 273-ракеткасы Тимофей Скатов Задар (Хорватия) челленджер жарысының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 247-орында тұрған италиялық Алессандро Джаннессиден айласын асырды.

Т.Скатов италиялық спортшыны 6:1, 6:2 есебімен айқын басымдылықпен тізе бүктірді. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 392-ракеткасы, Аустрия өкілі Сандро Коппен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Испаниядағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар