Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тимофей Скатов Португалиядағы турнирде тартысты матчта жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 163-ракеткасы Тимофей Скатов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.

Тимофей Скатов вышел в полуфинал челленджера в Италии
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының жартылай финалында рейтингіде 591-орындағы португалиялық Жоау Домингешке тап келді.

Қарсыласының рейтингіде төмен тұрғанына қарамастан, Скатовқа ойын оңайға түскен жоқ. 
Бірінші партияда Тимофей 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 5:4 болып матчқа доп бергенде, мүлт кетті – 6:7 (5:7). Үшінші партияда есеп 5:3 болғанда, дәл сол жағдай қайталанды. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты брейкпен түйіндей білді – 6:4.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде Скатов эйс жасамағанымен, 11 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Домингеш 2 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Тимофей Скатов іріктеу сайысының финалында әлемнің 157-ракеткасы, Испания өкілі Педро Мартинес-Портеромен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, 20-26 шілде аралығында өтетін негізгі жарысқа жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Румыниядағы Яссы турнирінде жарыстың 1-ракеткасын жеңген Жібек Құламбаеваның финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Шевченко Швейцариядағы турнирде Бубликтің кеткен есесін қайтарды

Қазақстандық теннисшілер екінші рет қатарынан Астана турнирінің финалына дейін жетті.