18:42, 23 Сәуір 2025 | GMT +5
Тимофей Скатов Рим турнирінің ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 172-ракеткасы Тимофей Скатов Рим (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 287-орында тұрған италиялық спортшы Стефано Травальямен кездесуі керек еді. Алайда Травальяның матчқа келмей қалуына байланысты Скатов кортқа шықпастан ширек финалға жолдама алды.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 191-ракеткасы, аустриялық Лукас Ноймайермен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Рим турнирінің екінші айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.