Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізді.

Бірінші партияда Т.Скатов 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов 5 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның жұптық сында Рабат жарысының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Женевада жеңіліп қалды.

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына өтті.

Соңғы жаңалықтар