Тимофей Скатов Үндістандағы жарысты жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 202-ракеткасы Тимофей Скатов хард төсенішінде өтіп жатқан Ченнай (Үндістан) челденджер турнирінің екінші айналымына шықты. 

Тимофей Скатов
Фото: ҚТФ

Өткен аптада Астанада Пәкістанмен матчта ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 430-орында тұрған чехиялық теннисші, 20 жастағы Гинек Бартонмен өткізді. 

Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Скатов жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Тимофей 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Бартон 11 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. 

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 225-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен таласады. Ол рейтингіде 296-сатыдағы франциялық Корентен Деноллиді тізе бүктірді – 7:6 (7:4), 6:4. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аңсар Ниетқалиевтің Астанада өткен турнирдің абсолютті чемпионы атанғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар