Тимошенко Украина президентінің сайлауына түседі

КИЕВ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Украина Премьер-Министрі Юлия Тимошенко президенттік сайлауға түсу туралы ниетін жария етті.


Тимошенко  Украина  президентінің сайлауына түседі
«Біздің команда сайлауға қатысқалы отыр», деп мәлім етті Юлия Тимошенко ханым шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Украинада президенттік сайлау 2009 жылдың соңына қарай немесе 2010 жылдың бас кезінде өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.