Тимошенко, Яценюк және Порошенко Украина премьері орынтағына үміткер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Жоғарғы Радасы бүгін кешке елдің жаңа премьер-министрін тағайындауды жоспарлауда, деп хабарлады РБК.

Тимошенко, Яценюк және Порошенко Украина премьері орынтағына үміткер

Бұл туралы парламенттегі «Батькивщина» фракциясы басшысының орынбасары Николай Томенко мәлім етті, деп хабарлады РБК-Украина тілшісі.

«Егер бүгін коалиция құрылатын болса, ал бұл біз айналысатын бірінші мәселе, кешке қарай Украина премьері кім болатыны белгілі болады», - деп мәлімдеді Томенко.

Депутат үкімет басшысы лауазымына үш адамның кандидатурасы қаралатынын атап өтті. Оның айтуынша, әңгіме Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко, «Баткивьщина» фракциясының басшысы Арсений Яценюк және фракциядан тыс депутат Петр Порошенко туралы болып отыр.

Томенко сонымен қатар Аймақтар партиясы фракциясының мүшесі Сергей Тигипконың министрлер кабинетінің басшысы болу мүмкіндігін жоққа шығарды. «Бұл мәселе бұрын талқыланған болатын, бірақ ол бұл мүмкіндікті жіберіп алды», - деді Томенко.

Еске сала кетейік, Николай Азаров қарсылықтар жағдайында ел премьер-министрі лауазымынан кетті. Оны уақытша Сергей Арбузов алмастырды. Кеше украин парламенті Виктор Януковичті Украина президенті лауазымынан шеттету туралы қаулыны қолдады және 25 мамырға жаңа сайлау тағайындады. Сондай-ақ Жоғарғы Рада өзінің жаңа спикері етіп «Батькивщина» партиясының мүшесі Александр Турчиновті сайлады. Раданың шешімімен Турчиновке үкімет жұмысын үйлестіру өкілдігі берілді.