Тимошенко Януковичті сотқа берді

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Украинаның бұрынғы премьері және «Батькивщина» партиясының көшбасшысы Юлия Тимошенко елдің қазіргі президенті Виктор Януковичті сотқа берді,

Тимошенко Януковичті сотқа берді

деп хабарлайды РБК Юлия Тимошенконың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экс-премьердің жақтаушылары Киевтің Печерский сотына 2006-2007 жылдары В.Янукович үкіметінің газ бағасын 70%-ға қымбаттатқанына байланысты қылмыс жасалғаны туралы және осыған қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шағым түсірді.

«Бүгін Печерский аудандық сотының кеңсесіне Юлия Тимошенконың атынан Виктор Янукович пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыс жасағаны туралы және соларға байланысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз түсті. Ол тіркеуге алынды. Арыздың мазмұнына тоқталатын болсақ, Тимошенконың атына тағылған айып қылмыс болып есептелсе, онда оның алдындағы құзырлы тұлғаларды да 2006-2007 жылдары қол қойылған осыған ұқсас келісімшарттарға қол қойғаны және бекіткені үшін жауапқа тарту керек», - деген адвокаттың сөзін мысалға келтірді УНИАН.