Тимур Бекмамбетов Георгий Победоносец туралы фильм түсіріп жатыр
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов Георгий Победоносец туралы фильм түсіруге қызу кірісті,
деп хабарлайды "Интерфакс" .
Кинематографистің сөзіне қарағанда, кино тұтастай Георгийдің өміріне арналмақ, туынды оның балалық шағынан бастап өмірінің соңына дейін баяндайды. «Георгий - орыстардың ең сүйікті әулиесі, мен оның иконға айналғанын кинодан көрсеткім келеді», - дейді ол.
Тимур Бекмамбетовтың «Президент Линкольн: Вампирлерді ұстау» атты фильмі - ең соңғы түсірген киноларының бірі.