Тимур Бекмамбетовтің фильмі екі бірдей жүлдені жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Тимур Бекмамбетовтің Bazelevs кинокомпаниясы түсірген «Cybernatural» хорроры «Фантазия» жанрлық кинолар фестивалінің лауреаты атанды, деп хабарлады gazeta.ru.

Тимур Бекмамбетовтің фильмі екі бірдей жүлдені жеңіп алды

Монреальда өткен фестивальде Т.Бекмамбетовтің фильмі «Ең инновациялық фильм» атанып, екі жүлдені жеңіп алды. Бекмамбетовтың айтуынша, түсірілім тобы үшін ең қиыны жаңа технологиядағы монтаж жұмысы болған. Қорқынышты жанрда түсірілген фильмнің сюжеті бойынша өліп қалған қыз Skype арқылы өзінің сыныптастарымен сөйлесе бастайды. Ондағы барлық әрекеттер компьютер экранында жүзеге асады. Енді бұл жаңа тәсілін Бекмамбетов одан әрі түрлі жанрдағы фильмдерді түсіруге қолданбақ.