Тимур Бекмамбетовтің фильмі пираттық ресурстар арқылы Қытай көрермендерін жаулап алды (ФОТО)

Ресейлік кинопрокатта өткен жылдың желтоқсанында фильм үш аптаның ішінде жарты миллионға жуық ғана көрермен тартқан болатын, деп жазады РИА Новости.
Қытай «Ол - айдаһар» фильмі шетел аумағына шыққан алғашқы ел болды. Жергілікті пираттар орыс тіліндегі көшірмелерге қытай субтитрлерін салған.
«Біз фильмді қытайлық дистрибьютерге ұсынғанбыз, олар картина сюжеттік ерекшеліктеріне байланысты жергілікті көрермендерді қызықтырмауы мүмкін. Өйткені айдаһар жағымсыз кейіпкер, зұлымдық әкелуші ретінде халық түсінігіне қайшы келеді, дегенді айтты, деп әңгімеледі BAZELEVS кинокомпанияның сату бөлімінің жетекшісі Валерия Добролюбова.
Қытайлық қыздар мен жасөспірімдер фольклор мамандарының пікіріне керісінше, Инстраграмда басты рөлдегі Матвей Лыковға өздерінің сүйіспеншіліктерін білдіруде, сән бизнесінен киноға келген ол қазірдің өзінде әлемдік ауқымда танымалдыққа ие болды.
Картина жасаушылар қазір Азиядағы аяқ астынан тап болған танымалдыққа бас қатырып, қазір фильмді қытай телевидениесінде заңды көрсету үшін келіссөзер жүргізуде.
Сонымен бірге, бұл фильм Жапонияға прокатқа сатылды, ал таяудағы күндері Оңтүстік корея прокатшылармен келіссөздер аяқталуы тиіс.
Фото: предоставлено кинокомпанией BAZELEVS