19:00, 26 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің сессиясы өтуде.
Оның жұмысына Қазақстан спорт федерацияларының бірінші басшылары қатысуда, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметі.
ҰОК президенті болып Қазақстан бокс федерациясының президенті, Спорттық жекпе-жек және спорттың күш-қуат түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев бірауыздан сайланды.
ҰОК бұрынғы басшысы Темірхан Досмұхамбетов ұйымды 2006 жылдан бері басқарып келген болатын.