13:59, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Тимур Сүлейменов көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастауға қатысты пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта біз көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғыны ретінде пәтердің өзіне, сонымен қатар жергілікті орган бізге тиесілі деп «кесіп» берген учаскеге төлем жасаймыз. Ал іс жүзінде оның бізге айтарлықтай тиесілігі де жоқ. Біз 5-ші, 10-шы қабатта тұрамыз. Сондықтан біз мұны бір мүлік салығына біріктіріп, анахронизмді алып тастағымыз келеді. Бұл Салық кодексіне түзетулер аясында жүзеге асырыла алады және мүлік салығы ретінде жылына бір рет төленетіндігі түсінікті. Мұны біз 2020 жылға қарай жүзеге асырамыз», - деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігіне көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастау мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.