Тина Канделаки косметикалық брендінің қазақстандық сайты ашылмай тұр

Тина Канделаки
Фото: Instagram tina_kandelaki

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейлік журналист Тина Канделакидің косметикалық бренді елдегі дүкен сөрелерінен жоғала бастады. Ansaligy брендінің қазақстандық сайты да ашылмай тұр. 

Қаңтар айында Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқанын айтып, дау тудырған еді. Кейінірек ҚР Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің Қазақстанға кіргізілмейтінін мәлімдеді.  

Жақында Ansaligy брендінің тауарлары елдегі «Золтое яблоко», «Beautymania», «Mon amie» секілді ірі косметикалық дүкен сайттарынан жоғала бастады. Бренд тауарлары Ozon, Wildberries, Kaspi маркетплейстерінде ашық қолжетімді.

Сондай-ақ Ansaligy брендінің Ресей, Армения елдеріне арналған ресми сайттары жұмыс істеп тұр, ал Қазақстан, Өзбекстан сайттары уақытша қолжетімсіз. 

Соңғы жаңалықтар