Тинатин Баблуани - «Ғаламшар аруы - 2015» халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Ғаламшар аруы - 2015" халықаралық сұлулық байқауының финалында Грузияның 18 жастағы аруы Тинатин Баблуани жеңімпаз атанды.

Тинатин Баблуани - «Ғаламшар аруы - 2015» халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы

Ол бас жүлде - алтын тәжді иеленді.

Бірінші вице-ару титулы Швеция өкіліне, екінші вице-ару - Латвия өкіліне, үшінші вице-ару - РФ өкіліне бұйырды.

Байқау Тбилисиде филармонияның үлкен концерт залында өтті. "Ғаламшар аруы - 2015" халықаралық сұлулық байқауын «Катрин» модельдік агенттігі ұйымдастырды.