Тираннозаврлардың ежелгі туысы табылды

Ғалымдардың мақаласы Zoological Journal of the Linnean Society журналында жарияланған, ал оның қысқаша мазмұны Ұлыбританияның Жаратылыс тарихы мұражайының сайтында келтірілген.
Жаңа түр Proceratosaurus тұқымдасына жатқызылды. Жалғыз ғана бас сүйектен тұратын қалдықтың жасы 165 миллион жылды құрайды. Ол сонау 1910 жылы-ақ табылған болатын, алайда бірегейлендіру нөмірі қате берілген болып шықты және барлық осы уақыт ішінде Ұлыбританияның Жаратылыс тарихы мұражайында сақталып келген.
Бас сүйектің құрылымын анықтау үшін ғалымдар томографияны, сондай-ақ рентгенді пайдаланды. Олар тираннозаврдың бас сүйегінен көптеген өзгешелігіне (көзге көрініп тұрған - тұмсығында шағын мүйізінің болуы) қарамастан жаңа түр атақты жыртқыштың туысы болып табылатыны еш күмән туғызбайды.