Тірегі сендер бұл елдің – АҚШ елшісі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елшіліктің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Тірегі сендер бұл елдің – АҚШ елшісі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар! Мен президент Трамп пен Мемлекеттік хатшы Помпеоға қосыла отырып, Сіздерді аса маңызды ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке құтты болсын», - деді Уильям Мозер.

Кейіннен елші «МузАрт» тобының «Өз елім» әнінің сөздерінен үзінді оқып берді.

«Түлегі сендер, тілегі сендер, тірегі сендер сол елдің. Назары сендер, базары сендер, ажары сендер бұл елдің», - деп АҚШ елшісі әннің сөздерін келтірді.