Тырысқақ ауруы өршіген елдерге жолыңыз түссе, нені ескеру керек

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл сауалға Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

врач
Фото: Астана әкімдігі

Қазақстандық мамандар туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) барған кезде мынадай кеңес берді:

•⁠ ⁠қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

•⁠ ⁠әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

•⁠ ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;

•⁠ ⁠жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;

*тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

•⁠ ⁠тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;

•⁠ ⁠аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.