Тіркелмеген «Алға» партиясының басшыларының бірі Алматыда 2012 жылдың наурызына лаңкестік актілерді жоспарлағандармен келісімде болды - Бас прокуратура

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «Алға» тіркелмеген партиясы басшыларының бірі және Мухтар Аблязовтың ең жақын сенімді тұлғаларының бірі болып табылатын, шетелде тұрақты тұратын

Тіркелмеген «Алға» партиясының басшыларының бірі Алматыда 2012 жылдың наурызына лаңкестік актілерді жоспарлағандармен келісімде болды - Бас прокуратура

 

Кетебаев Мұратбек 2012 жылдың наурыз айында Алматыда лаңкестік актілерді өткізуге дайындалған Александр Павловпен қылмыстық келісімде болған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Прокуратураның ақпараты бойынша, олар терроризм және экстремизм актілерін ұйымдастыру жөніндегі жоспарларын 2011 жылғы қыркүйектен бері ойластырып келген.

2012 жылғы наурыздың басында олар өздерінің сыбайластарына Алматы қаласының қоғамдық жерлерінде, оның ішінде саябақтар аймағында және әкімшілік ғимараттарының жанында жарылыстар топтамасын жасауды тапсырған.

Атап айтқанда, Павлов орындаушыға Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» кинотеатрының артында «Фэмэли» саябағында жарылысты ұйымдастыруды, сондай-ақ жарылғыш заттарды әл-Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өтпелерінде орналастыруды тапсырған.

Лаңкестік актілерді ұйымдастыру үшін Павлов 25 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат бөлген, оның 15 мың доллары орындаушыға берілген. Қалған 10 мың долларын терактілер жасалғаннан кейін беру жоспарланған.

Жедел-тергеу шараларының барысында терроризмнің негізгі мақсаты ретінде халықты қорқыту, аласапыран мен дүрбелең жағдайын тудыру, елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру болғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабының 1-тармағы («Терроризм») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Тергеу аясында құқық қорғау органдарына жоғарыда аталған тұлғалардың шетелдіктерді қоса алғанда радикалды ұстанымдағы діни топтардың өкілдерімен Қазақстанда террористік актілерді бірлесіп жасау, сондай-ақ дінаралық және ұлтаралық тұрғыда қақтығыстар тудыру мақсатында байланыс орнату әрекеттері туралы ақпарат келіп түсті.

Тергеу жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар қазіргі кезде ұсталды және кінәларын мойындап айғақ беруде.

Басқа ақпарат тергеудің мүддесінде жарияланбайды.