08:46, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Тіс - адам денсаулығының айнасы
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ежелгі ғасырларда адамның тістеріне қарап оның денсаулығының жағдайын білуге болады деп саналған. Бұл шындығында да солай. Біздің ұстанатын ем-дәміміз пен өмір салтымыз тіс эмалінде көрінеді. Темекі шегу, қуырылған немесе майлы тағамдарды шамадан тыс қолдану, кофеге үйір болу - осының бәрі біздің тісіміздің эмалінде қалады.

Тіс үшін қандай тағамдардың пайдалы екенін көбі біле бермейді. Мичиган Университетінің ғалымдары тісті зақымданудан қорғайтын бес үздік өнімді анықтады. Олар: құлпынай, сүт өнімдері, қантсыз сағыз, таза су және жапырақты көкөністер.