Тіс құртымен күресетін кәмпиттер пайда болды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Германияда Organobalance GmbH компаниясы тістің шіруіне жол бермейтін кәмпиттер жасап шығарды. Оның құрамына бактериялар қосылған.

Тіс құртымен күресетін кәмпиттер пайда болды

«Жаңа кәмпиттер­ді 60 ерікті сынап көр­ді», - деп хабарлайды Мeddaily.ru. Зерт­теу­дің нәтижесінде ерік­тілердің аузында тіс шірігін туғызуы мүм­кін Mutans streptococci зиянды бактерия­сы­ның көрсеткіші азай­ған. Ғалымдар бұл бактериямен күрес үшін кәмпит құрамына келесі бір Lactobacillus paracasei бактериясының өлтірілген үлгісін қосыпты. Өйткені соңғысы тісті бұзатын патогенге жабысып алып, оның күшін әлсіретеді екен.