Тіс щеткасы 12 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аполлон-13» ғарыш кемесі астронавттарының бірінің тіс щеткасы Лос-Анжелестегі бәссаудада 11794 долларға сатылды. Бұл туралы Nate D. Sanders бәссауда үйіне сілтеме жасап, Associated Press хабарлады.

Тіс  щеткасы 12 мың долларға сатылды

Бәссауда барысында оның бағасы бастапқы сомасынан үш есеге артты. Oral B-40 тіс щеткасын командалық модульдің ұшқышы Джон Суайгерт пайдаланған. Оны кім сатып алғаны айтылмай отыр.

Суайгерт - Айға дейін ұшқан америкалық 24 астронавтардың бірі. Ол қатерлі ісіктен 1982 жылы көз жұмған.

Аполлон сериясынан «Аполлон-13» ұшқышты ғарыш кемесі Айға ұшқандардың ішінде күрделі апатқа ұшырағандардың жалғызы.