Тісті небәрі бес күнде зақымдайтын сусындар да бар болып шықты

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Энергетикалық және спортшыларға арналған газды сусындар тіске зиянды. Оңтүстік Иллинойс университеті ғалымдарының соңғы зерттеуі көпшілікті ойға қалдырып отыр,

Тісті небәрі  бес күнде зақымдайтын сусындар да бар болып шықты

деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

 The Daily Mail-дың хабарлауынша, сарапшы­лар 13 спорттық сусын мен 9 энергетиктің қыш­қыл­дық деңгейін тестілеуден өткізген. Сусындар мен сілекей қосындысының адам тісі эмаліне әсері күн сайын тексерілді. Сынақтың нәтижесін­де энергетикалық және спорттық газды сусындар құрамында қышқыл деңгейінің жоғары болатыны және мұндай сусындарды ішкен адам тісі эмалінің бес күннен кейін-ақ зақымданатыны анықталды. Соның ішінде, энергетикалық  сусындардың әсері қарапайым газды сусындарға қарағанда, екі есе күшті болып шықты. Эмальдің бұзылуы тіс шірімесін дамытатындықтан, мамандар мұндай сусындардан соң ауызды шаюға немесе қантсыз сағыз шайнауға кеңес береді.