«Титан» батискафында қаза болған миллиардер отбасына не қалдырды
АСТАНА. KAZINFORM — «Титан» батискафында қаза тапқан пәкістандық-британдық кәсіпкер өсиетінің жоқтығынан әйелі мен баласына орасан байлығының аз ғана бөлігін қалдырды

Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Unilad-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылдың шілдесінде Атлант мұхитында «Титаниктің» батып қалған жеріне экскурсия жасау кезінде шамамен 12 500 фут (3 810 м) тереңдікке түскен «Титан» батискафында жарылыс болып, салдарынан бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиға миллиардер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман Даудтың өмірін қиды. Бизнес империясының басшысы Пәкістанның жылдық айналымы 1,3 млрд фунт стерлинг және миллиардтаған активтері бар ең бай отбасыларының бірінің мұрагері еді.
Кәсіпкер «Engro Corporation» тыңайтқыштар, азық-түлік және энергетикалық компания төрағасының орынбасары, «Dawood Hercules Corporation» химикаттар сату және SETI коммерциялық емес зерттеу институтының сенімді өкілі болды.
Оның ұлы әкесімен бірге Карачидегі (Пәкістан) отбасылық бизнесті бірге жүргізіп, Глазгодағы (Шотландия) Стратклайд университетінде бизнесті талдау және адам ресурстарын басқару бойынша білім алған.
Алайда британдық Суррей графтығында тұратын жесір әйел Кристина Дауд пен қызы Алинаға небәрі 76 958 фунт стерлинг (93 900 доллар) ақша төленді. Шахзада Даудтың өсиет қалдырмай қайтыс болуы оның отбасы мүшелеріне мұрасын алуға мүмкіндік қалдырмады.
Өсиетте Шахзада Даудтың тұрақты тұрғылықты жері Пәкістан болғаны, сондықтан оның байлығының негізгі бөлігі Ұлыбританиядан тыс жерде қалғаны айтылған.
Еске салсақ, кеме апаты ол сүңгігеннен кейін 1 сағат 45 минуттан кейін болды. АҚШ жағалау күзеті сынықтарын төрт күннен кейін «Титаниктің» тұмсығынан 500 метрдей жерде тапты.