01:43, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
«Титаник» кемесінің жәдігерліктері АҚШ-тағы аукционға қойылды
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Екі хат және өткен ғасырдың басында апатқа ұшыраған «Титаник» кемесінің басқа да жәдігерліктері осы аптада АҚШ-тағы аукционда сатылатын болады.

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған Утро.ру хабарлайды.
Журналистердің мәліметтерінше, екінші және үшінші класты жолаушыларға қызмет етіп, кеме апаты салдарынан қаза тапқан «Титаниктің» кіші хирургы Джон Эдвард Симпсонның өз қолымен жазған хаты аукционның бағалы лоттарының біріне айналады.
Симпсонның анасына арнаған және апатқа дейін үш күн қалғанда жіберілген хаты 40-50 мың АҚШ долларына бағаланады.
Сондай-ақ аукцион лоттарының арасында әйгілі кеменің апатқа ұшырауымен байланысты төрт радиограмма бар. Сарапшылардың бағалауынша, бұл радиограммалардың әрқайсысы аукцион ұйымдастырушыларына 3 мыңнан 6 мың АҚШ долларына дейін табыс бере алады.