«Титаник» жолаушыларының ұрпағы үшін, олардың ата-бабаларының қайғылы аяқталған сапарымен жүзіп өту жобасы туристік сенсацияға айналды

Белфаста (Солтүстік Ирландия) құрастырылған, сол дәуірдің ең ірі жолаушылар таситын алып кемесі, суға батпайды деп есептелген «Титаник» 1912 жылғы сәуірдің 8-інде британия туымен ағылшынның Саутгемптон портынан Нью-Йоркке қарай бағыт алды. Бұл лайнердің алғашқы қатынауы болатын. Сәуірдің 14-інде кеме суға батып кетті. Апат салдарынан 1,5 мың адам мерт болса, тек 706 адам ғана аман қалды.
Тура 100 жыл өткенде, тағы да сәуірдің 8-інде «Бэлморал» кемесі Саутгемптоннан Нью-Йоркке қарай жүзіп шығады. Бұл сапар «Титаниктің» бағытын, оның жылдамдығын айнытпай қайталайтын болады. Ашық теңізде қайғылы апат орын алған жерге жеткен сағатта, кемеде аза тұту шаралары жүзеге асырылады.
Жобаны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, «Бэлморалдегі» ас мәзірі де тура «Титаниктегідей» болады.