«Титаниктегі» скрипка үшін 500 мың доллар дәмеленіп отыр

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «Титаник» кемесінің суға батар алдында жолаушылар арасындағы байбаламды басуға тырысу үшін музыкантшылар ойнаған скрипка Британияда көрмеге қойылады.
None
None

Кейін осы аспап бәссаудаға шығарылмақ.

ВВС-дің жазуынша, скрипка 1912 жылы «Титаник» қайғылы оқиғасында 1,5 мың адаммен бірге құрбан болған оркестр жетекшісі Уоллес Хартлидің иелігінде болған екен.

Бәссауда ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше, аталған аспап адамзат болмысы мен мінезінің жақсы қасиеттерінің символы іспеттес.

Скрипка үшін кем дегенде жарты миллион АҚШ доллары төленеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар