«Титаниктегі» соңғы ланчтың ас мәзірі 88 мың долларға сатылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің ғаламтор-бәссаудасында аты аңызға айналған «Титаник» кемесіндегі ланчтың ас мәзірі сатылды.
1912 жылғы сәуірдің 14-нен 15-не қараған түнінде суға батып кеткен кемедегі соңғы ланчтың ас мәзірін белгісіз коллекционер 88 мың АҚШ долларына сатып алған. Сарапшылар бастапқыда оны 40-50 мың долларға бағалаған еді, деп хабарлайды Fox News.