«Титаниктің» құтқарылған жолаушысының хаты 200 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық бәссаудада «Титаник» лайнері жолаушысының хаты 200 мың долларға сатылды, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Хатты Корольдік тұрғыны Эштер Харт кеме айсбергке соғылуынан бірнеше сағат бұрын жазылған.

«Теңізшілер әзірге саяхат өте тамаша өтіп жатқанын айтады», - делінген хатта. Харттың өзі лайнер апаты кезінде құтқарылып, 1928 жылға дейін өмір сүрген, деп хабарлады Газета. Ru.

Бұдан бұрын атақты «Титаниктің» жолаушыларына қызмет көрсеткен оркестр скрипкашысының хаты бәссаудада 140 мың долларға сатылған болатын.

«Титаник» 1912 жылы 14 сәуірде апатқа ұшырады. Пароход айсбергке соғылып, шамамен үш сағаттың ішінде батып кетті. Апат салдарынан мың жарымға жуық адам қазаға ұшырады.

Соңғы жаңалықтар