«Титаниктің» сынықтары су бетіне 2010 жылы көтеріледі

АСТАНА. Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат    «Титаник» апат болған жерге  2010   жылы жаңа экспедиция  ұйымдастырылады. Бұл туралы    лайнердің  қалдықтарын     су бетіне көтерудің  эксклюзивті  құқығына  ие   компанияның    басшысы  мәлім етті,  деп  хабарлайды  «Маяк»    радиосы.
None
None

Бұл  2004 жылдан бергі алғашқы осындай  жоба болады. «Титаник» апат болған     жерге соңғы  алты жылда   екі   экспедиция    ұйымдастырылды,   бірақ   олардың мақсаты -   кеме  сынықтарын    су бетіне көтеру   болған жоқ.

Саутгемптон - Нью-Йорк  бағыты  бойынша   өзінің алғашқы және   соңғы  сапарына  «Титаник» 1912 жылы   сәуірдің 10-ында   шықты.  Сәуірдің    15-іне  қараған  түні  ол      Атлант мұхитының  солтүстік  бөлігінде мұзтаумен  соғысып, суға  батып  кетті.   Кеменің  бортында 2208  адам  болған,  олардың  704-і ғана    аман қалды.

Соңғы жаңалықтар