«Титаниктің» тірі қалған соңғы жолаушысы қайтыс болды

БЕЙЖІҢ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Бұдан 97 жыл бұрын Солтүстік Атлантикада апатқа ұшыраған «Титаник» кемесінің соңғы жолаушысы Миллвин Дин өткен жексенбіде 98-ге қараған шағында ағылшынның Гэмпшир графтығындағы қарттар үйлерінің бірінде қайтыс болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Соңғы бірнеше жыл бойы Дин қаржы тапшылығын басынан кешірді, ол өзінің қарттар үйінде болғаны үшін айына 3 мың фунт стерлингті ай сайын төлей алмады. Бұл проблемаларды шешу үшін Дин апатпен байланысты жәдігерлік заттарын сатуға мәжбүр болды. Биылғы сәуірде ол терімен қапталған қол сөмкесін Ұлыбританиядағы аукционда 1,5 мың фунт стерлингке сатты, бірақ та оны сатып алған Лондонның жас тұрғыны сөмкені иесіне қайтарып берді. Миллвин Диннің достары және «Титаник» фильмін жасаушылар - режиссер Джеймс Кэмерон және актерлер Кейт Уинслет мен Леонардо Ди Каприо құрған көмек қоры кейуанаға қаржы аударып отырды. Дин лайнердің апатқа ұшырауы туралы түсірілген атақты фильмді бірде-бір рет көрмеген. Фильмді көру ол үшін үлкен қасірет екенін айтқан. 1912 жылғы сәуірдің 15-інде Солтүстік Атлантикада «Титаник» кемесі апатқа ұшырағанда Миллвин Дин небәрі екі айлық сәби болатын. Айсбергке соқтығысқан кемедегі 2 233 жолаушының 706-сы ғана құтқарылды. Ол бұл оқиғаны жеті жасында анасынан естіген. Дин өзінің ұзақ ғұмырында бүкіл әлемді аралап шықты, апаттан аман қалғандармен кездесті. «Титаник» маған үлкен мүмкіндіктер берді. Мен ең таңдаулы қонақ үйлерге тоқтадым, Америкада, Швейцарияда, Германияда, Швецияда, Францияда болып, көптеген тамаша адамдармен жүздестім», - деді Дин қайтыс болар алдында Би-Би-сиге берген сұхбатында.
Соңғы жаңалықтар
Референдум