Титин туралы комикс рекордтық баға - 3,5 млн. долларға саудаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1937 жылы белгиялық суретші Эрже жасап шығарған репортер Тинтин оқиғалары жайындағы комикстің кескіндері Париждегі бәссаудада рекордтық баға - 3,5 млн. долларға сатылды.

Титин туралы комикс рекордтық баға - 3,5 млн. долларға саудаланды

Бүгінге дейін тарихта еш комикс осындай қомақты қаржы саудаланбаған еді.

Эрженің суреттері мен қолтаңбасы бар бұл туынды аты-жөні жарияланбаған американдық коллекция жинаушыға бұйырды. Бәссауда 15 минутке созылған көрінеді.

Суретші «Тинтин оқиғалары» бойынша 1930 жылдан 1970 жылдардың аяғына дейін жұмыс істеген. Бүгінге дейін бұл комикстер барша әлем бойынша миллиондаған данамен өткізілуде.