ТКШ агенттігі сапасы нашар 4810 құрылыс субъектісін жауапқа тартты

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа мәжілісі өтіп, онда агенттіктің бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылында ведомство құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 3972 рұқсат беріп, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын, жобаларды сараптайтын және ғимараттарға техникалық тексеру жүргізетін 2842 сарапшыны аттестациядан өткізген.

«5986 лицензияны қайта ресімдеді және 572 жаңа лицензия берді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына 4308 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 4810 құрылыс субъектісіне нұсқамалар берілді және олар жауапкершілікке тартылды», - делінген таратылған хабарламада.

Агенттік төрағасы Серік Нокиннің атап өтуінше, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қатаңдату құрылыс процесінен біліксіз мамандарды шығарып тастауға мүмкіндік береді, сондай-ақ әрбір сарапшының жеке жауапкершілігін арттырады.

Сондай-ақ ол, агенттік Қазақстанда құрылыстың сапасын арттыру, міндетін адал орындайтын құрылыс салушылар мен жобалаушыларды қорғау және олар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі барлық шараларды қабылдайтындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар