ТКШ саласына тарифтерді көтермей инвестор тарту мүмкін емес

«Қазіргі уақытта су, жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту мол қаражат талап етеді. Инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын тарту үшін ТКШ мен тариф құрылымдау саласындағы заңнаманы жетілдіру қажет. Бұл осы саладағы тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің мүддесін теңгерімдеуге мүмкіндік береді. Егер біз ТКШ-да тұтынылатын электр энергиясына, жылуға, суға тарифтерді көтермейтін болсақ, ешкім де батыл қадам жасап келмейді. Әрбін инвестор келгеннен кейін: «Иә, мен станса саламын. Ал электр энергиясын қаншадан сатамын?» деп сұрайды. Мұнан қорқудың қажеті жоқ. Біз одан өттік. Тәуелсіздік жылдардың басында, өз уақытында біз мұнымен айналыстық. Аз қамтылған отбасыларды қорғадық», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысының дерегінше, посткеңестік кеңістікте ең арзан электр энергиясы Қазақстанда болып отыр.
«Дегенмен бұл мәселені халықтың төлем қабілетін ескере отырып, кешенді шешкен жөн. Алайда тарифті көтермей электр энергетикасын, коммуналдық шаруашылықты дамыту мүмкін емес», - деді Елбасы.