ТКШ Ұлттық палатасы ПИК-тер санын оңтайландыруды ұсынады
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда басқарушы және қызмет көрсетуші компанияларға бөліп ПИК санын оңтайландыру қажет.
Соған орай Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс Ұлттық палатасы еліміздегі пәтер иелері коперативтерінің санын оңтайландыруды ұсынады. Бұл туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс Ұлттық палатасы Басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында мәлім етті.
«Тек бір Астананың өзінде 300-ден астам ПИК бар, олар 10-15 үйді басқарады. Жинайтын төлемдері толығымен дерлік ПИК штатының еңбекақысына кетеді және үйлерге сәйкесінше қызмет көрсетуге ақша қалмай жатады. Егер оларды ірілендірсек, олардың күшін біріктіруге болады», - дейді С.Рахымбекова.
Сонымен қатар, Ұлттық палата төрайымы коммуналдық қызметтер нарығында көп нәрсеге қол жеткізген аса тәжірибелі компаниялар барлығын, соған орай компаниялардан басқарушы, қызмет көрсетуші ретінде өкілеттікті бөлу керектігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, осылайша, бірнеше компания бірігіп, материалдық-техникалық базаларын біріктіріп, үйлерге барынша сапалы қызмет көрсету үшін қаржылық жағдайды нығайтып, жаңа жабдықтар сатып ала алады.
Сонымен қатар, Ұлттық палата басқармасының төрайымы қызмет көрсету компанияларын оңтайландырудың басты себептерінің бірі ретінде жетілдірілген тұрғын үй қорының қызмет көрсетуіне жаңа тәсілді жүзеге асыру қажеттігін атайды.