ТКШ: Үйге ортақ жылу есептеу құралдарын орнатудан 30-40% қаражат үнемделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев рrimeмinister.kz ресми ресурсының алаңында өткен сұхбат барысында инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін жоспарлы цифрландыру мен оны енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.
None
None

Н. Жиенбаевтың айтуынша, «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ соңғы жыл ішінде Қазақстанның коммуналдық кәсіпорындарына инновациялық технологияларды ұсынатын компанияларды тартумен және іздестірумен белсенді түрде айналысып келеді.

Мәлім болғандай, бүгінде Қазақстанда инженерлік желілердің тозуына қатысты елеулі мәселе орын алып отыр - бұл жылуды жоғалту, сәйкесінше ол халықтың коммуналдық қызметтерге төлейтін төлемінің қымбаттауына әсерін тигізеді. Қарапайым тілмей айтар болсақ, тұтынушы өзінің нақты пайдаланған жылуына ғана емес, сондай-ақ, оны тасымалдау кезіндегі жылу шығынына да ақы төлейді. Бүгінде құбырлардың пайдалану мерзімін ұзарту бойынша заманауи технологиялар қолға алынбаған деуге болады, барлық мәселе қымбатқа түсетін құбырларды жаңартумен шешіліп жатыр. Сондықтан да, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары қолданыстағы тарифтердің қымбаттауына әкеледі.

«ТКШ қазақстандық орталығы» АҚ аталған мәселені шешу үшін Қазақстанның бірнеше пилоттық қаласында апробациядан өтіп жатқан оңтайлы заманауи технологияларды іріктеу жұмыстарын жүргізуде. Жаңа технологиялар құбырлардың пайдалану уақытын ұзартуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы жабдықтар түрінде болады.

Мәселен, Қызылордада 10 км жерге «Мерус» неміс компаниясының қондырғысы орнатылды. Ол темір мөлшерін 86%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Н. Жиенбаевтың айтуынша, бұл - өте көп көрсеткіш. Шамалап айтар болсақ, егер жаңа құбырдың пайдалануға жарамды уақыты 30 жылды құраса, агрессивті ортаға байланысты 10 жылдың ішінде жарамсыз болып қалып жатыр. Осылайша, судағы темір мөлшерін төмендететін жабдықты пайдалана отырып, құбырлардың пайдалану мерзімін 30 жылға, тіптен 50 жылға ұзартуға болады.

Сонымен бірге табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілерді жаңғырту мен реконструкциялау жобаларын іске асыруға инвестициялық қажеттіліктерін төмендету тұрғысынан үлкен үнем болады. Осыған орай, аталған субъектілердің қызметтеріне тарифтердің ықтимал төмендетуі туралы айтуға болады.

Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, «ТКШ қазақстандық орталығында» апробациядан өтіп жатқан шетелдік технологиялар жеткілікті. «Мерус» неміс компаниясының технологияларымен қатар, канадалық, жапон және т.б. компаниялардың технологиялары бар. Олар пилоттық жобалар түрінде Астана, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Лисаковск қалаларында енгізілуде. Келешекте сәтті шыққан тәжірибе еліміздің барлық өңірінде таратылады, тіптен ҚР аумағында жоғары технологиялық жабдық өндірісін жергіліктендіру мүмкін.

Сонымен қатар, Н. Жиенбаев үш жыл ішінде елімізде қондырғыларды орнату 100%-ға жететініне сендірді.

Айта кету керек, қондырғыларды орнатудың бірнеше кезеңі бар. Біріншісі - есептеу құралдары, екіншісі - автоматты жылыту пунктілері. Үйге ортақ есептеу құралдарын орнату кезінде тұрғын өңірге байланысты 30%-40% үнемдейді.

«Чекте бұл аса байқалады. Егер 7500 тг төлеп келген болсаңыз, алдағы уақытта 2700 теңгеге азырақ төлейтін боласыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Кешенді түрде қарайтын болсақ, автоматты жылыту пунктілері (еск. - далада және үйдің ішінде датчиктері бар пункт. Даладағы ауа температурасына қарай, ол үйде жылу беру температурасын реттеп тұрады) қосылған жағдайда гигакалория тұтынуда үлкен үнем болады», - деді Н. Жиенбаев.

Талдау көрсеткендей, еліміз бойынша орта есеппен автоматты жылыту пунктерін қоспағанда үйге ортақ есептеу құралдарын орнату кезінде 60 м2 ауданы бар екі бөлмелі пәтердің жылуына төленетін сома 36% дейін немесе орташа алғанда 2720 теңгеге төмендейді. Жалпы еліміздің аумағында бұл үнемдеу ақшалай алғанда жылына 32,5 млрд тг жетуі мүмкін.

Екінші бір мысал, бұл - Ақтөбе қ. 29,8 м2 ауданы бар пәтер мысалында үйге ортақ жылуды есептеу құралдарын және автоматты жылыту пунктін орнатудан түсетін үнем. Түбіртекте жазылғандай, 2017 жылғы қазанда жылу сомасы 3 547 тг құрады. Жылуды есептеу құралдарын және автоматты жылыту пунктін орнатқаннан кейін 2018 жылғы қазанда бұл сома 466 тг құрады, яғни үнемдеу сомасы - 3081 тг (86,8 %).

Соңғы жаңалықтар