ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлем сомасы орта есеппен 2-3 мың теңгені құрайды

Бұл туралы Pm.kz. сайтынан хабарланды.
«Тұрғындар ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған үйді жөндеу жұмысының құнын бірнеше жыл қатарынан бөліп-бөліп төлейтін болады. Төлемнің айлық орташа сомасы 2-3 мың теңгені құрайды», - делінген агенттік хабарында. Бұл ретте төлем ақысы пәтердің ауданы мен атқарылған жұмыс көлеміне қарай анықталады. Шығын сметасын бекітіп, жөндеу жұмыстарын қадағалайтын - тікелей пәтер иелерінің өздері болады.
Сондай-ақ, жөндеу және тұрғын үйді күтіп ұстау шығындары жалпы отбасы табысының 10 пайызынан асатын аз қамтылған пәтер иелері әкімдіктен тұрғын үй көмегін сұрай алады. Коммуналдық қызмет пен жалпы үй мүліктерін күтіп ұстауға бағытталатын отбасы табысының шегін мәслихат белгілейді. Жөндеу жұмыстары мен үйлерді жылытуды жаңғыртуды іске асыру нәтижесінде коммуналдық қызмет ақысы азайып, пәтер құны көтерілетін болады.
2011-2012 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазақстанда 11 624 үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.