ТМД аумағында Қазақстанның ішкі істер органдарында іздеуде жүрген 168 қылмыскер ұсталды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазанның 21-23-і күндері аралығында ТМД аумағында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында іздеуде жүрген 168 қылмыскер анықталып, тұтқындалды.
None
None

ТМД елдерінде өткен «Іздеу» операциясының нәтижесі бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен апталық брифингте жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарды іздеп-табу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында үстіміздегі жылғы қазанның 21-23-і күндері ТМД елдерінің Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп «Іздеу» іс-шарасы өткізілді.

Оның барысында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында іздеуде жүрген 168 қылмыскер  ұсталды. Мәселен, Жамбыл облысы Ішкі істер депаратаменті Криминалдық полиция басқарамасының іздеу тапсырысымен Ташкент облысының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері 2008 жылы Тараз қаласында зорлау және ұрлау қылмыстарын жасаған осы қаланың 19 жасар тұрғынын қолға түсірді.

Ал ТМД құқық қорғау органдары үшін Қазақстан аумағында  46 қылмыскер анықталып, ұсталды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясына - 31, Өзбекстан Республикасына - 8, Арменияға - 3, Түрікменстанға - 2 және Грузия мен Украинаға бір-бір қылмыскерден тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар