ТМД аумағында Тұлғаларды мемлекетаралық іздестіру туралы шарт жобасы келісілді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД сарапшылары ТМД елдерінің аумағында Тұлғаларды мемлекетаралық іздестіру туралы шарт пен Бірлескен тергеу-жедел топтарын құру мен олардың қызметтерінің реті туралы келісім жобалары бойынша келісімге келді.
Бұл құжаттар Қылмыспен күресудің бірлескен шараларының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасы аясында әзірленіп отыр. Құжаттар ТМД елдері ынтымақтастығының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, трансұлттық мазмұндағы қылмыстардың бетін ашу және тексеру бағытындағы құқықтық базаларын жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған құжаттардың жобалары бойынша қорытынды сараптамалық отырысты ағымдағы жылдың қараша айында өткізу жоспарлануда.