ТМД байқаушылары Армениядағы сайлауды ашық әрі бәсекелі деп атады

«Армения Республикасындағы сайлау халықаралық нормаларға сәйкес өтті және ашық әрі бәсекелі болды, ал тіркелген бұзушылықтар жаппай сипатта болған жоқ», - деп мәлімдеді Ереванда өткен баспасөз мәслихатында ТМД елдері байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев.
«Байқаушылар сайлау барысында жол берілген барлық бұзушылықтар демократиялық сайлаудың басты құрамдастары - ашықтыққа, таңдау жасау еркіндігіне және саяси жарыссөздерге болмашы әсер етті деген ортақ пікірге келді», - деп хабарлады ТМД Парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен.
«Байқаушылар тіркеген бұзушылықтар болмашы, ал сайлау - ашық болды. Әсіресе, Армения Республикасы ОСК-нің тамаша жұмысын атап өткім келеді», - деп келтірілген баспасөз хабарламасында ТМД ПАА Бас хатшысының орынбасары - Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенешінің өкілі Нұрбек Сатыбалдиевтің сөздері.