ТМД байқаушылары Қазақстанның заң органдарында кездесулер өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылары миссиясының өкілдері ҚР Бас прокуратурасында, Ішкі істер министрлігінде және Жоғарғы сотында кездесулер өткізді.

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте аталған миссия штабының мүшесі Евгений Козяк мәлім етті.
Оның атап өтуінше, миссия құрамында Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан, Беларусь пен Ресей одағы парламенттік жиналысынан, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан, ТМД Атқарушы комитетінен 301 байқаушы аккредиттелген.
«Сан жағынан бұл халықаралық байқаушылардың ең үлкен миссиясы болып отыр. Олардың басым бөлігі ертең және арғы күні келеді»,- деді ол.
Сонымен қатар, Е.Козяк сайлауды байқау аясында миссия мүшелері Бас прокуратурада, Жоғарғы сотта және Ішкі істер министрлігінде кездесулер өткізгенін атап өтті.
Еліміздің Бас прокурорымен кездесу барысында миссия өкілдеріне сайлау науқаны кезеңінде заңаманың сақталуын қадалағау бойынша атқарылған жұмыстар айтылды.
Ал Жоғарғы сот басшылығы сайлау процесіндегі соттардың рөлі жайында айтып берді.
Ал Ішкі істер министрімен өткен кездесу барысында сайлау өткізу барысында қауіпсіздік сақтау үшін қабылданған шаралар жайында сөз қозғалған.

Соңғы жаңалықтар
telegram