ТМД: экономикалық қызмет бойынша Ресей және Қазақстан елдерінде құлдырау байқалып отыр
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Бірінші жартыжылдықта ТМД елдерінде жалпы ішкі өнімнің төмендеуі былтырғы жылғы деңгейге қатысты 9 пайызды құрады.
ҚазАқпарат тілшісіне ТМД Статистикалық комитетінен хабарлағанындай, есептік кезеңде ең үлкен экономикалық өсу - 8,2 пайыз - Өзбекстанда тіркеліп отыр. Әзірбайжанда -3,6 пайыз, Тәжікстанда - 2,8 пайыз өсім бар. Ал Беларус пен Қырғызстандағы экономикалық өсім 0,3 пайызды құрап отыр.
Экономикалық қызметтің базалық түрлері бойынша ең үлкен экономикалық құлдырау: Қазақстанда - 4,1 пайыз және Ресейде - 13,4 пайыз деңгейінде тіркелді.
2008 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, биыл Грузияда жалпы ішкі өнім 5,9 пайызға, Молдовада - 6,9 пайызға құлдыраған. Украинада экономикалық құлдырау - 20,3 пайызды құраған.