ТМД елдері басшылары Кеңесінің отырысында қандай құжаттарға қол қойылды

АШХАБАД. ҚазАқпарат – Ашхабадта өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысынан кейін бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ТМД елдері басшылары Кеңесінің отырысында қандай құжаттарға қол қойылды

Атап айтқанда:

1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің стратегиялық экономикалық ынтымақтастығы туралы Декларациясы;

2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер басшыларының ұйымға мүше мемлекеттердің халқына және әлемдік қауымдастыққа 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы совет халқының Жеңісіне 75 жыл толуына орай Үндеуі;

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлерін орындауды беру туралы Конвенциясы;

4. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің 2020-2022 жылдар аралығында терроризммен және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық түрлерімен күресте ынтымақтастығы туралы Бағдарламасы.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысқан болатын.