ТМД елдері мұғалімдерінің, білім қызметкерлерінің І съезіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хат жолдады

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан ТМД елдері мұғалімдерінің, білім қызметкерлерінің І съезіне байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хатын жолдады,

ТМД елдері мұғалімдерінің, білім қызметкерлерінің  І съезіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хат жолдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы құттықтау хатында бұл жиын посткеңестік кеңістіктегі үздік оқытушыларын, білім беру саласының ұйымдастырушыларын, танымал ғалымдардың басын қосып отырғанын айта келе, Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасындағы кең ауқымдағы ынтымақтастықты тек сауда-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге білім саласында, ғылыми білім беру элитасының байланысын нығайтудағы бастаманы көтеріп отырғанын жеткізді.

Мұнымен қоса бұл құттықтауда әлемдік дағдарыс жағдайында ТМД елдері арасында әлеуметтік-экономикалық жаңару мен білім беру рөлінің осы ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізу міндеттері тұрғаны айтылған.

«Біздің елдерде оқытушы мен білім сапасының орасан маңыздылығына және рөліне қатысты айқын түсінік бар. Осыған орай аталған съезді өткізу соған себеп болып тұр», делінген онда.

Елбасының пікірінше, бұл форумның жұмысында достастық елдер аясында білім берудің бірыңғай кеңістігінің қалыптасуына, оның тиімді қызмет жасауына нақты тетіктердің құрылуына ерекше назар аударылуы тиіс.