ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізу жоспарда жоқ - Ресей Үкімет басшысы

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізуді жоспарлаған жоқ, алайда шекараны қиып өтуге шетелге шығу төлқұжаты міндетті болуы керек. Бұл туралы бүгін ресейлік телеарналарға берген сұхбатында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев мәлім етті.

ТМД елдерімен визалық тәртіпті енгізу жоспарда жоқ - Ресей Үкімет басшысы

«Шекарадан өту төлқұжаттар бойынша болуы қадамына өтуді жоспарлап отырмыз. Барлық шаралар ресми түрде орындалуы тиіс. Барша құжаттар яғни, төлқұжаттар, сақтандыру құжаттары рәсімделуі керек», - деді ол.

Сонымен қатар ресейлік премьер елде ұлтшылдық толқынды көтеруді доғару керектігін айта келе, ұлтшылдық көңіл күйді қоздыру үшін көші-қон саласындағы проблемаларды пайдалануды адамгершілікке жат әрекеттер деп бағалады.

«Осындай іс-қимылдарға баратындар - жауапсыз адамдар және ең қатаң айыптауға лайық», - деп мәлімдеді Д. Медведев.