ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Статистика комитетінің деректері бойынша достастық елдерінде 2016 жылғы қаңтар-ақпанда 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,7% қысқарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қысқарды

«Атап айтқанда, Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7 пайызға артты. Ал өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 2,1 пайызға қысқарды», - делінген баспасөз баянында.

Тұтастай алғанда, 2016 жылдың қаңтар-ақпанында ТМД бойынша барлығы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы ішкі өнім 97,12 пайызды құраған. Ал есепті кезеңде өнеркәсіп 99,3 пайыз, құбыр көлігінсіз жүк тасымалдау 98,4 пайызға тең болды. Бұдан бөлек, бөлшек сауда айналымы ТМД елдерінде 94,9 пайызды құраса, өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағаларының индексі 97,9 пайызға тең болды.